You are here

Ақпараттық технологиялар орталығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

Ақпараттық технологиялар орталығы (АТО) Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қызметтің негізгі мақсаты – Университеттің оқу, ғылыми және басқару қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
ҚазЭУ АТО өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, білім берудегі жаңа технологиялардың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамасының жобасын, ҚР Министрлері кабинетінің қаулысын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, Университет жарғысын, Университет кеңесінің қаулысын, ректор бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады. АТО жұмысын бақылауды және үйлестіруді Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қаржылық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі проректоры жүзеге асырады.

ҚазЭУ АТО негізгі міндеттері Университет қызметінің негізгі бағыттарына – оқу үрдісіне, оқу-ғылыми зерттеулерге жаңа ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады; KazEU-ЕLEX Электронды-білім беру ортасының негізінде оқу-білім бағдарламасын автоматтандыру, сонымен қатар  Университетті жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдармен жабдықтау.

Ақпараттық технологиялар орталығы 3 бөлімнен тұрады:

 • Ақпараттық технологияларды басқару

 • Техникалық қызмет көрсету бөлімі

 • Оқу-өндірістік бөлім

Ақпараттық технологиялар орталығының негізгі қызметтері:

 • Оқу және ғылыми үрдістерді қамтамасыз ету үшін ҚазЭУ әлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялануы.

 • Жоғары мектеп жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру үшін бірегей бағдарламалық қамтуды қалыптастыру және енгізу.

 • Желілік ақпараттық технологияларды дайындау және дамыту, ақпараттық қызмет көрсету, аймақтық ақпараттандыру бағдарламаларын үйлестіру және оны қолдау.

 • Мәліметтер және білім базасын қалыптастыру.

 • білім беру телекоммуникациялық желісі серверін және шағын АТС қалыптастыру және ары қарай қызмет көрсету.

 • WEB-конференция өткізу.

 • Жаңа ақпараттық технологиялар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлауға қатысу.

 • Модернизациялау және, қажет болған жағдайда моральдық және физикалық тұрғыда ескірген компьютерлік және басқа ұйымдық техниканы ауыстыру.

 • Компьютерлендірудің жаңа бағдарламалық және техникалық құралдарын басқару жүйесін, білімін басқару және студенттердің сабаққа келуін бақылау жүйесін жетілдіру.

 • Жаңа ақпараттық технологиялар саласында маркетингтік зерттеу және талдау жүргізу.
 

АТО директоры - э.ғ.к., доцент Р.С. Досмуханбетова

Разработчик сайта Майя Батырбекова | АО КазЭУ Т.Рыскулова © 2011 - 2012 | Все права защищены

Рейтинг@Mail.ru