Мемлекеттік тілді дамыту орталығының міндеттері
 
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің құрылымдық буындарының бірі ретіндегі Мемлекеттік тілді дамыту орталығының басты стратегиялық міндеті – «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның университет ауқымында жүзеге асуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді университеттегі қоғамдық қатынастардың барлық саласына енгізуге мұрындық болу. Бұл үшін Орталық мынадай шараларға ұдайы ұйытқы болып, дәйекті түрде жүргізіп, жұмыс сапасын арттырып отыруды өзіне парыз санайды:
• мемлекеттік тілдің білім беру, ғылым мен тәрбие саласындағы мәртебесін көтеруді одан әрі қамтамасыз ету;
• университет басшылығы мен оның құрылымдық буындарында іс жүргізудің, хабарландырулар мен жарнамалар, басқа да құжаттамалар мен көрнекі ақпарат әзірлеудің мемлекеттік тілде атқарылуын жақсартуға күш салу;
• университет ауқымында ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шараларды бірте-бірте мемлекеттік тілге көшіру жұмысын жетілдіре беру;
• «Экономика» баспасынан шығатын оқулықтардың, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттің негізінен қазақ тілінде жарық көруіне ықпалдасуды одан әрі ширата түсу;
• мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз ете отырып, студент-жастардың «Басқару мектебі – Школа управления» газетінің сапасын арттыра беру;
• Орталықтың жауапкершілігіндегі міндеттердің бірі қазақ тіліндегі басылымдармен ұдайы байланыс орнату, университет басшылығының, декандар мен кафедра меңгерушелірінің мақалаларын әзірлеуге, баспасөз бетіне шығаруға көмектесу. Бұл жұмыс та жүйелі түрле атқарылып келеді.
• Жастарымыз жыл сайын «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы», «Жетісу» сияқты газеттер мен телеарналар арқылы университет өмірінен жан-жақты мағлұмат алып жүр.
• Осы орайда университеттің Интернеттегі сайты арқылы берілетін алуан тақырыптағы хабарлардың да ықпал-әсері күшті. Оның қазақшасын дайындау Орталықтың міндетінде.

Орталықтың негізгі бір жұмысы – «Басқару мектебі – Школа управления» студент-жастар газетін шығару. Газет 1998 жылдан бастап айына бір рет, аралас екі тілде шығады. Шығуы тұрақты.
• Тіл туралы Заңның орындалуын бақылап, оны бұзу фактілеріне жол бермеу жөніндегі жұмысын ширата түсу.
Осы міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Орталық университеттің басқа да тиісті буындарымен (Мәдениет орталығымен, Кәсіподақ комитетімен, жастар ұйымдарымен, деканаттармен, аудандық, қалалық тіл басқармаларымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, т.б.) байланысын одан әрі нығайта береді.
Біздің ұранымыз: «Қазақ халқының болашағы – қазақ тілінде!»


Орталық жетекшісі - Б.Әдетов